Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жоғалған отбасы туралы Руслан Өтепбай тың деректерді анықтады

Атырауда жоғалған отбасы туралы Руслан Өтепбай тың деректерді анықтады
Фото: politico.kz

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі туралы журналист тың деректерді анықтады, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, жағдайдың анық-қанығын білуге тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың нұсқаларын тыңдаған.

Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, ұлына тағылған айыпқа сенбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, оқиғаға дейін бірқатар түсініксіз жайттар болған.

"Желтоқсан айының басында Сұлтанға айттым: "Ақбаян ауырып тұр, балаларға қол жұмсап жатыр", – деп. Дірілдеп-қалтырап, өз-өзіне жауап бере алмайды. "Жақсы, мама, қаратайын", – деп Сұлтан алып кетті. Осы үйден Атырауға алып кетті. 11-і күні хабарласқанымда екеуі отырды. "Ақбаян жақсы ма?" – деп сұрадым. "Иә, жақсы, уайымдамаңыз", – деп жауап берді Сұлтан. 11 желтоқсан соңғы рет сөйлестік, одан кейін хабар жоқ", – деді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.