Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы бүлдіршінді іздестіріп жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы бүлдіршінді іздестіріп жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Атырауда жоғалған баланы туыстары, полиция және еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін, 20 мамыр күні күннің екінші жартысында Жұлдыз шағын ауданындағы №57 үйден 10 көшеге шығып, бала қайтып оралмаған. Оның аты Әли, 1,5 жаста, оң аяғынан аксап жүреді. Егер баланың қайда екендігі туралы біреу білсе, бізге 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз", - деді облыстық полиция департаменті.

Баланы іздеуге тек оның туыстары мен полиция ғана емес, еріктілер де қатысып жүр.

"Волонтерлік штабтың, азаматтық орталықтың, "Қызыл Жарты Ай" қоғамының 50-ге жуық мүшесі, сондай-ақ автоволонтерлер тартылды. Баланы іздеу түні бойы жалғасады", - деді қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов. 

Оның айтуынша, жоғалған баланың отбасы тұратын жеке үй қоршалмаған, сондықтан бала еш кедергісіз көшеге шығып кеткен.
 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан