"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жеңіл көлік өзенге батып кетті

Атырауда жеңіл көлік өзенге батып кетті

Атырауда тағы бір жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ВАЗ 2115» маркалы көлігінің жүргізушісі Алмалы ауылының тұсынан Жайық өзені арқылы Бесікті елдімекеніне өтпек болған. Алайда, өзен мұзы ойылып, көлік суға батып кеткен.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының 7 сүңгуір құтқарушысы жетті. Олар 16 метр тереңдікке батқан көлікке арқанды бекітті. Содан соң су астындағы көлік жүк тиегіш трактормен жағаға шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Автор
Нұрсұлтан