Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды

Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалды. Әйелі бесіншісіне жүкті. Ол басқа үш зардап шегушімен бірге оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Атырау облыстық ауруханасында жанармай құю бекетіндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Оның денесінің 90%-ін күйік шалған, деп хабарлады "Ақ Жайық" өңірлік басылымы.

Марқұм – 34 жастағы газ құю автоцистернасының жүргізушісі, Құрманғазы ауданының тұрғыны.

Ер адамның артында төрт баласы қалды. Әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы қалада үй жалдап тұрады, дейді марқұмның әріптестері.

Оқи отырыңыз: Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды 

Еске сала кетейік, жарылысқа себеп болған өрт 5 маусымда Атыраудағы автокөліктерге жанармай құю бекетінен шықты. Басылымның мәліметінше, фура жүргізушісінен басқа, май құюшы мен екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған, олар қазір ауруханада.

Сондай-ақ, жарылыс кезінде станциядан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат қирады.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан