Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда тұрғындар дәріханаларға ұрлыққа түсе бастады

Атырауда тұрғындар дәріханаларға ұрлыққа түсе бастады

Атырауда әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен. Дегенмен, ұры көп ұзамай ұсталыпты. Полицейлер оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, "кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті" деп отыр.


"Терезесін ығыстырып, дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам ноутбук, памперс және түрлі дәрілерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап құрықтады. Одан айғақ затттар табылып, барлығы тәркіленді.Тексеру кезінде ол азаматтың бұдан бұрын бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Қазір ол қамауға алынды", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Автор
Айбар