«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда мектеп түлегі басқарған көлік жол апатына ұшырады

Атырауда мектеп түлегі басқарған көлік жол апатына ұшырады
Атырауда мектеп бітіріп жатқан оқушы басқарған көлік жол апатына түсіп, екі адам аурухана түсті, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media  сайтына сілтеме жасап. Оқыс оқиға 1 маусымда жергілікті уақытпен сағат 12:20 шамасында орын алған. Аталған жайтқа қатысты әлеуметтік желіде бейнежазба тарап кетті. Жол апаты Атырау қаласынан Дамбы бағытына қатынайтын жолдың Қызылбалық елді мекені тұсында болған көрінеді. 

Апатқа түскен жасөспірімнің жасы 17-де. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растап отыр.

Шақыртуға байланысты оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында бір ересек адам мен бір жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір зардап шеккен олар әртүрлі дене жарақатымен облыстық аурухана мен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, -деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

фото: arbat.media
Автор
Данияр