Атырау қаласында бір қабатты қонақүй ғимаратынан өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оны жедел сөндірді. Оқиға орнына құтқарушылар дабыл түскен бойда Смағұлов көшесіне жеткен, деп хабарлайды kznews.kz.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемін анықтап жатыр.