"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда кәмелетке толмаған қыз қатарласын аяусыз ұрып-соғып, тепкінің астына алған

Атырауда кәмелетке толмаған қыз қатарласын аяусыз ұрып-соғып, тепкінің астына алған

Қыздар арасындағы төбелестің видеосы желіге тарап кетті

Атырау қаласындағы шағын аудандардың бірінде кәмелетке толмаған, бірақ колледжде оқитын қыз қатарласын аяусыз ұрып-соғып, тепкінің астына алған. Төбелесті тағы бір қыз бала видеоға түсіріп тұрған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, ал, видеоға түсірген қыздың әрекеті сараланып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіге таралып кеткен соң, редакция Атырау полициясына сұрау салған еді. Полиция төбелескен қыздың кім екенін анықтап, оны арнайы орталыққа жіберіпті.

«Атырау қаласында колледж студенттері арасында жанжал орын алған. Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдіктіні Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жібердік», - деп хабарлайды Атырау полициясы.

Дереккөзге сүйенсек, төбелеске қатысқан қыздардың бәрі арнайы есепке қойылған және Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға арнайы құжаттар жолданған.

«Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Төбелесті видеоға түсіріп, оны таратқан, бірақ полицияға хабар бермеген жасөспірімнің әрекетіне де құқықтық баға береміз», - деп хабарлайды полиция.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.