KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атырау облысындағы қанды қылмыс: Басты күдіктіге қатысты тың дерек шықты

Қайсар Қанат
ertenmedia.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы қазасына қатысты істің жаңа мән-жайлары белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Tengrinews.kz жазуынша, іс бойынша негізгі күдікті – марқұм отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сараптама қорытындылары әлі дайын емес.

"Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама белгіленді (қорытындысы алынған жоқ)", – деп хабарлады прокуратура.

Алайда оның нақты қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны әзірге нақтыланбаған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →