Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысындағы қайғылы оқиға: марқұмдардың туыстары жанайқайын жеткізді

Атырау облысындағы қайғылы оқиға: марқұмдардың туыстары жанайқайын жеткізді
politico.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауданында болған отбасы трагедиясына байланысты марқұмдардың туысы жүрек ауыртар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашева оқиға орнына арнайы барып, марқұмдарға құран бағыштаған. Оның айтуынша, бұл сапар тек кәсіби міндет емес, адами әрі мұсылмандық парыз болған.

«Жангелдин ауылындағы марқұмдарға құран бағыштай барғанмын. Қызметтен бөлек, адами міндет, мұсылмандық парыз. Өзегі өртеніп отырған ағайын-туыстың жанайқайын да тыңдадым. Елге, ауылдас, дос-жаран, қолдаушылардың барлығына алғыстарын білдіріп жатыр. Аңырап қалған ағайынның айтары көп», – деді журналист.

Ал марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы болған жағдайды еске алып, орны толмас қайғысын жеткізді. Оның айтуынша, туыстары өздері тұрғызған сарайдан табылған.

«Жеңгеміз өте тазайын кісі болды, міне мына бесікті қараңыздаршы, үш баласы да осыда жатқан. Тап-таза. Ағамыз жаз бойы тас басып, ақша табады, ешкімге алақан жайған жоқ, еңбекқор болды. Денелерін осы сарайдан тапты. Осы жерде жерленген. Кім ойлаған?.. Ең болмаса басқа жерге көмсе ғой… Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кеткен. Күйік болып қалды. Бұл сарайды еңбектеніп тұрғызған еді. Осы жерде шай ішіп, осы жерде демалатын. 60 жасына келгенде осы сарайда дастархан жайды. Ақбаян екеуміз бірге шай құйып, жүгіріп жүрдік….», – деді ол.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер