Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстаған еді. Сондай-ақ қаза тапқан ерлі-зайыптылардың қызы күдікті атанғаны хабарланған еді.