Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмола облысында 14 жасар қызды өлтірген күдіктіні ұстау сәтінен видео жарияланды

Ақмола облысында 14 жасар қызды өлтірген күдіктіні ұстау сәтінен видео жарияланды

Ынтымақ ауылында пышақ жарақатынан көз жұмған 14 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданының Родина ауылының маңында ұсталды.

"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - делінген ақпаратта.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Құқық қорғау органдары күдікті заңның барлық талабына сәйкес қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа барынша қатаң түрде тосқауыл қойылады, ешқандай аяушылық болмайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі