Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында тұрғындар әкімнің қызметтен кетуін талап етті

Атырау облысында тұрғындар әкімнің қызметтен кетуін талап етті
Фото: ашық деркккөзден

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Күдряшов ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің жұмысына көңілдері толмайтынын айтып, оның қызметтен кетуін талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Екі мыңнан астам тұрғыны бар ауыл халқының айтуынша, елді мекенде қазіргі уақытта білікті дәрігер жоқ. Сонымен қатар ауылдағы жалғыз жедел жәрдем көлігі де басқа жерге берілген. Тұрғындар бұл жағдай медициналық қызметтің қолжетімділігіне кері әсер етіп отырғанын алға тартады.

Ауыл тұрғындарының мәліметінше, шамамен екі апта бұрын олар жергілікті әкімге қатысты ұжымдық арыз дайындап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдаған. Арызда ауыл басшысының екі жылдық қызметі барысында әлеуметтік мәселелерді шешуде нақты нәтижеге қол жеткізе алмағаны көрсетілген.

Тұрғындардың пікірінше, ауылдағы өзекті проблемалар әлі күнге дейін шешімін таппаған. Осыған байланысты олар әкімді қызметінен босату мәселесін қарастыруды сұрап отыр.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда. Дегенмен, әзірге Атырау облысы әкімдігі мен өзге де құзырлы мемлекеттік органдар аталған мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары медициналық қызмет көрсету мәселесі мен өзге де әлеуметтік түйткілдердің қалай шешілетінін күтуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.