Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

1 тамызда кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

"Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригада, екі катер және бір мотор қайығы жұмылдырылғаны белгілі болды.

Автор
Айбар