"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында отбасының жоғалуы: күдіктілер Қазақстанға осы айда жеткізіледі

Атырау облысында отбасының жоғалуы: күдіктілер Қазақстанға осы айда жеткізіледі
Фото: jurnalekbis.com

Атырау облысында ерлі-зайыптының өліміне күдіктілер осы айда Қазақстанға жеткізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әділовтың айтуынша, қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша екі күдіктіні Индонезиядан Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде

"Олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Біз оларды осы айда әкелеміз. Басқа елдердегі әріптестерімізбен бірге келу бағыттарын пысықтадық және қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жұмысты жалғастырамыз", - деді ол.

Бұған дейін полиция Индонезияда іс бойынша күдіктімен бірге құқықтық мәртебесі нақтыланып жатқан 30 жастағы қазақстандық Ақбаян Мұқанғалиеваның ұсталғаны хабарланған болатын.

"Қазір бізде іс бойынша екі күдікті бар. Тергеу үшін Атырау облысында жұмыс істейтін арнайы тергеу тобы құрылды", - деді Әділов.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы қанды оқиғаға күдікті күйеу баланың ұсталған сәтінен видео жарияланған еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі