Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында ауылдық округті бір әкім 16 жыл бойы басқарған

Атырау облысында ауылдық округті бір әкім 16 жыл бойы басқарған
Фото: видеодан алынды

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіне 16 жыл әкім болған Шапхат Қалиев қызметінен кеткен. Облыс әкімі Серік Шәпкенов әкімдерді сайлау ауыл халқының қолында екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жергілікті белсенді Рүстем Баязиевтің айтуынша, Қалиев Шапхат Қарашұлы 16 жылдан бері Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінің әкімі болып келеді. Тұрғындар округтегі тұрақты бейберекетсіздіктен шаршаған және оның отставкасын талап етуде. Шапхат Қарашұлының сексенге келгенше әкім болатын түрі бар дейді. Журналист осы шағымдар бойынша тексеріс жүргізілді ме, қандай да бір шешім қабылдау жоспарланып отыр ма, жалпы әкімдердің бір орында ұзақ отыруы жайлы не ойлайсыз деп сұрады.

"Шапхат Қалиев қазір әкім болып жұмыс істемейді. Ол – тұрғындардың өзі сайлаған әкім. Әрине, әртүрлі айтады, біреу қолдайды, біреуі даттайды деген секілді. Ауылдық округ әкімдерін халық өзі сайлайды, сондықтан қанша жыл және қалай болады, оны халық өзі шешеді. Мендегі ақпарат бойынша ол кісі қазір әкім емес", – деді өңір басшысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі