KZNews.kz
Шоу-бизнес

Атырау облысында бір қап ақбөкен мүйіздерін өткізбекші болған Ресей азаматы ұсталды - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Атырау облысында ақбөкендердің мүйіздерін заңсыз өткізбекші болған Ресей азаматы құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Құрманғазы ауданы Байда ауылы арқылы Ресейге бет алған «КамАз» көлігінен ақбөкеннің үш мүйізі табылған. Жүргізуші – 57 жастағы РФ азаматы. Оған қатысты Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесі ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді немесе жануарларды заңсыз пайдалану) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген ресми ақпартта.

Тергеу шаралары әлі жүргізілуде екен, алдағы уақытта өлтірілген ақбөкендер қай аймақта мекендегені анықталатын болады. 


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →