Аймақ

Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуіне қатысы бар делінген күдіктіге қатысты мәліметтер жарияланды

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуіне қатысы бар делінген күдіктіге қатысты мәліметтер жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша күдіктінің мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол 1996 жылғы 24 сәуірде туған, ер азамат, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ ұлты. Іздестіру ісі 2026 жылғы 8 қаңтарда тіркелген. Іздеуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастап, Атырау облысының полиция департаменті жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жұмбақ жағдайда бір отбасы жоғалып кеткені белгілі болған. 2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабарсыз екенін хабарлаған.

2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатыр. Полиция ерлі-зайыптының өліміне қатысты «адам өлтіру белгілері» бойынша қылмыстық іс қозғағанын және күдіктілердің жеке басы анықталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оларды іздеу және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Кейінірек полиция өкілдері күдіктінің Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны екенін, оған іздеу жарияланғанын растады. Сондай-ақ істің басқа тұлғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz