«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысында бір ғана оқушы білім алып жатқан мектеп жабылды

Атырау облысында бір ғана оқушы білім алып жатқан мектеп жабылды

Биылғы жылы бір ғана оқушы оқитын Кенбай кентінің мектебі жабылды. Ауылдағы қалған балаларжың жасы мектепке баруға әлі ерте болып шықты. Ал мұғалімдер жұмыссыз қалмас үшін бүгінге дейін сабақ беруді жалғастырып келген.

Бірақ шенеуніктер мектепті жабуға шешім қабылдады. Олар жалғыз оқушы үшін оқу орнын қаржыландыру мүмкін емес дейді.
Енді үшінші сынып оқушысы көрші ауылға білім алу үшін барады. Мұғалімдер де сонда ауыстыруға уәде береді.

"Облыс әкімінің қаулысына сәйкес Кенбай кентіндегі мектеп жабылды. Қазір ұжымға жалақы төленуде. Осыдан кейін мұғалімдерді басқа жұмысқа ауыстыру нұсқалары қарастырылады. Ал оқу орнының ғимараты ауыл әкімдігінің балансына беріледі", - деді Атырау облысы білім басқармасының бөлім бастығы Айнагүл Жұмағазиева.

фото: orda.kz
Автор
Айбар