KZNews.kz
Шоу-бизнес

Атырау колониясында "Қазақ аруы" анықталды

KZNEWS

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Түрмедегі "Қазақ аруы" байқауы үш кезеңнен тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Атырау облысындағы әйелдер колониясында "Қазақ аруы 2019" байқауы  өтті. Қазылар алқасы үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетін бағалады, деп хабарлады  ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан аруы 2019: сұлулардың суреттері 

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды.

"Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен "Шапағат" қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы.


sputniknews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары