Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Атқарылған шараның барлығы бірыңғай жақсы болған жоқ": Дәурен Абаев министр ретіндегі қызметінің қорытындысымен бөлісті - Қазақстан жаңалықтары

"Атқарылған шараның барлығы бірыңғай жақсы болған жоқ": Дәурен Абаев министр ретіндегі қызметінің қорытындысымен бөлісті - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасының бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысқан болатын. Өзінің жұмысының қорытындысын жайлы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Экс-министр өзіне тілектес болған қазақстандықтарға алғысын білдірді. 

"Құрметті достар! Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет", - деп жазды Абаев. 

Экс-министр жаңа лауазымды үлкен мәртебемен қабылдайтынын атап өтті. 

"Мемлекет маған үлкен үміт артып отыр, сол себепті оны ақтау үшін бар күшімді саламын. 4 жылда біраз жұмысты іске асырдық. Барлығы бірыңғай жақсы болды деп айта алмаймын. Бірақ біз мемлекеттің мүддесі үшін еңбек еттік", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол еліміздің жаңадан тағайындалған ақпарат министрін жаңа лауазымымен құттықтады. 


stan.kz
Автор
Данияр