Ресейде туған Қанат Шарлапаевтың Ұлыбритания азаматтығынан бас тартқан құжаты жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Өткен аптада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды. Ол бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс министрі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар 2025 жылдың 28 ақпаны мен 25 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.
Жалпы Қанат Шарлапаев Ресей Федерациясының Саратов облысында дүниеге келген. Алайда 2022 жылы ол Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан төлқұжатына қол жеткізді. Сөйтіп елдегі ірі министрліктің тізгінін ұстаған.
Шарлапаев Қазақстан азаматы болғанға дейін «Сити» инвестициялық банкінде жұмыс істеген. Бұл секторда ол үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесін жинаған. Шарлапаев 2006 және 2012 жылдары Чехияда, Англияда жұмыс істеген. Қазақстандықтар Қанат Шарлапаевта Ұлыбритания азаматтығы бар екенін бірнеше мәрте жазған болатын. Әлеуметтік желілерде тіпті оны тыңшы болуы мүмкін деп те пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтық алуға рұқсат жоқ. Сондықтан халықтың екі азаматтыққа қатысты күмәні сейілмеген. Десе де Қанат Шарлапаевтың Ұлыбритания азаматтығына қатысты құнды құжаттар жарияланды.
Журналист Дмитрий Шишкин "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палата төрағасына тікелей хабарласып, азаматтығы жайында ақпарат беруін сұраған. Шарлапаев Ұлыбритания азаматтығынан бас тартқан құжаттың көшірмесін Шишкинге жолдаған. Тылсым болып келген құжатты журналист Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.