KZNews.kz
Жаңалықтар

"Атамды сағындым": Назарбаевтың шөбересі ел естімеген жайтты ашық айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде белсенді контент жариялай бастады. Бұл туралы Arasha.kz хабарлайды.

Лора Әлиева – Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Ал Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеоларының бірінде Лора өмірден өткен атасын сағынышпен еске алған. Ол жазбасында: "Атамды сағындым. Венаға барып келейін" деп атап өтіп, Австрия астанасында түсірілген бейнежазбаларды бөліскен. Кадрларда Венадағы зираттардың бірінде орналасқан Рахат Әлиевтің қабірі де көрінеді.

Аталған жарияланым желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі бұл видеоны жеке естелік ретінде қабылдаса, енді бір бөлігі танымал әулет өкілінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне ерекше назар аударды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →