Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде белсенді түрде контент жариялап жүр, деп хабарлайды kznews.kz.
Лора Әлиева – Нұралы Әлиевтің қызы. Ал Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.
Желіде жарияланған видеоларының бірінде Лора марқұм атасын сағынышпен еске алып, "Атамды сағындым. Венаға барып келейін" деген жазба қалдырған. Бейнежазбада Австрия астанасы Венада түсірілген кадрлар көрсетіліп, оның ішінде Рахат Әлиев жерленген зират та байқалады.
Бұл жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі оны жеке естелік ретінде қабылдаса, енді бірі белгілі әулет өкілінің желідегі белсенділігіне ерекше назар аударды.