Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok желісінде видеолар жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Лора Әлиева – Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Ал Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларының бірінде Лора өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевты еске алып, оларға арнап жазба қалдырған.
Дереккөз мәліметінше, Нұралы Әлиев пен жұбайы Аида Әлиева төрт бала тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Нұралы Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан. Сонымен қатар 10 қаңтарда Instagram парақшасында The Spark of Light атты жаңа жобасын таныстырды.
Жобаның ресми сипаттамасына сәйкес, оның басты бағыты – саналы өмір салтын насихаттау, ішкі үйлесім мен менталдық денсаулықты дамыту. Бастама адамдарға рухани тепе-теңдік табуға, өмірін саналы түрде құруға және өзгерістерге бейімделуге көмектесуді көздейді.
Лора Әлиеваның TikTok-тағы белсенділігі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызығушылық тудырып, Назарбаевтар әулеті туралы талқылауды қайта жандандырды.