183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың алғашқы ұшағы қайда жоғалып кетті? Ел естімеген шындық көпті таңғалдырды

Назарбаевтың алғашқы ұшағы қайда жоғалып кетті? Ел естімеген шындық көпті таңғалдырды
Коллаж LIFE. Фото: ТАСС / Валерий Шарифулин

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ел басшысының шетелдік ресми сапарларын қамтамасыз ететін заманауи әуе кемесіне сұраныс туды. Осы мақсатта 1994 жылы сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев Boeing-747 ұшағын сатып алған. Кейін бұл әуе кемесіне UN-001 борт нөмірі беріліп, Қазақстан тарихындағы алғашқы президенттік ұшақ ретінде белгілі болды, деп жазады Arasha.kz.

Неліктен Boeing таңдалды?

1994 жылы АҚШ-қа жоспарланған ресми сапар қарсаңында Қазақстан тарапы америкалық Boeing компаниясының кең фюзеляжды 747 моделіне тоқталған. Деректерге сүйенсек, Вашингтон сапары кезінде АҚШ президенті Билл Клинтон жаңа ұшақ жайында сұраған. Сол сәтте Назарбаев бұл лайнер бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі алғашқы Boeing екенін атап өткен. Сондай-ақ ол ұшақтың ресейлік Ил-96 моделіне қарағанда үнемдірек әрі тиімді екенін жеткізген.

Айта кету керек, сатып алынған әуе кемесі зауыттан жаңа шыққан емес еді.

Ұшақтың тарихы

Boeing-747SP моделі 1978 жылы шығарылған. Алғашында ол америкалық Trans World Airlines (TWA) әуе компаниясының құрамында болған. Кейін бірнеше рет иесін ауыстырып, 1994 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан үкіметінің меншігіне өтті. Осы уақытта ұшаққа UN-001 нөмірі берілді.

Бұл борт тек президенттік сапарларға ғана пайдаланылмаған. Мемлекет басшысының ресми рейстері болмаған кезеңдерде ұшақ Kazakhstan Airlines арқылы азаматтық және коммерциялық бағыттарда да қызмет атқарды. Ол уақытта Қазақстанның ұлттық әуе тасымалы саласы енді ғана қалыптасып жатқан еді. Кейін осы бағытта Air Kazakhstan құрылып, одан әрі Air Astana әуе компаниясы дүниеге келді.

Қазақстаннан кейінгі кезең

Шамамен екі жылдан соң әуе кемесі сатылып, Ұлыбританияға өтті. 2002 жылға дейін пайдаланылғаннан кейін лайнер толықтай есептен шығарылды.

747sp.com сайтындағы мәліметке сәйкес, Cargolux компаниясы ұшақтың алдыңғы кабинасы мен жоғарғы палуба бөлігін сақтап қалған. Бұл бөлшектер оқу-жаттығу мақсатында қолданылған. Ал фюзеляждың негізгі бөлігі Германияның Фельберт қаласындағы әуежай аумағында сақтаулы екені айтылады.

Тарихи маңызы

UN-001 – жай ғана әуе кемесі емес, тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаттағы жаңа бағытының нышаны болды. 1990-жылдары Батыс компаниясынан алыс қашықтыққа ұшатын лайнер сатып алу – елдің халықаралық аренада дербес шешім қабылдай алатын мемлекет екенін көрсеткен маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланады.

Бүгінде бұл Boeing-747SP көкке көтерілмейді. Дегенмен ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы алғашқы дипломатиялық сапарлар мен халықаралық келіссөздердің үнсіз куәгері ретінде тарихта қалды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер