Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Атама пранк": Жүсіп Ақшораның келіні жұртты таңқалдырды

"Атама пранк": Жүсіп Ақшораның келіні жұртты таңқалдырды

Танымал әзілкеш Жүсіп Ақшораның келіні желіге атасымен бірге видео жүктеп елді шулатты. "Қайын атама пранк жасадым" деген келінді бірі сынаса, бірі тәнті болып қолдау пікірлерін қалдырған. 

Дастархан басында атасымен бірге отырған Динара Сайлаубайқызы махаббат туралы өлең оқып, бұрынғы ғашығы есіне түсіп кеткенін айтып көзіне жас алады. Кейін атасына мұның қалжың, пранк екенін айтқан. "Біздің Ақанды жақсы көрмейді екен ғой деп ойладым" дейді Жүсіп Ақшора, деп жазады Kznewsmks Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары "Келіні атасының топырағынан екен", "Әзілдің атасын күлдірген бірінші келін сен шығарсың", "Әртістің келіні әртіс болады екен", "Әзілің жарасса атаңмен ойна деген", "Тамаша" деген пікірлерін жазуда.

Жүсіп Ақшораның келіні атасымен жиі видеоға түсіп, жариялап тұрады. Оның инстаграм парақшасында 10 мыңға жуық оқырманы бар.

фото: видеодан скриншот
Автор
Айбар