Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Асхат Аймағамбетов: Мектеп отбасының орнын толық алмастыра алмайды

Асхат Аймағамбетов: Мектеп отбасының орнын толық алмастыра алмайды
gov.kz

PISA-ның орташа балдарынан бөлек көрсеткіштері кейде әлдеқайда қызығырақ.

Мысалы, бір жағынан Қазақстанда отбасының бала оқуына күнделікті араласуы айтарлықтай төмендеген. 2022 жылы оқушылардың 68 пайызы ата-анасы аптасына кемінде бір рет мектепте не істегенін сұрайтынын айтса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 54 пайызға түскен. 

Мектепте туындаған мәселелерді ата-анасымен тұрақты талқылайтын балалардың үлесі де 61 пайыздан 45 пайызға төмендеген. Мұндай тенденция көптеген елде бар, бірақ біздегі төмендеу өте үлкен. 

Екінші жағынан, мектептегі мұғалім қолдауы өте жоғары. PISA өлшейтін teacher support индексі Қазақстанда +0,65, ал OECD орташа көрсеткіші +0,03. Оқушылардың 85 пайызы мұғалім әр баланың оқуына қызығушылық танытатынын, 86 пайызы түсінгенше түсіндіруді жалғастыратынын, 88 пайызы қажет кезде қосымша көмек беретінін айтады. Бұл көрсеткіштердің барлығы OECD орташа деңгейінен айтарлықтай жоғары. 

Яғни, бір қызық қарама-қайшылық бар. Үйдегі күнделікті оқу қолдауы әлсіреп бара жатқан кезде мектеп пен мұғалімнің балаға көрсететін қолдауы жоғары деңгейде керісінше.

Бұл біздің мұғалімдерге түсетін жауапкершіліктің қаншалықты үлкен екенін де көрсетеді. Мұғалім тек тақырып түсіндіріп қана қоймайды. Көп жағдайда баланы қолдап, қайта түсіндіріп, оқуында қиындық туған кезде жанынан табылады.

Бірақ, мектеп отбасының орнын толық баса алмайды. Баланың нәтижесі үшін мектеп пен ата-ананың қолдауы бірін-бірі толықтырғанда ғана нәтиже жақсы болады . Сондықтан PISA нәтижесіне тек мектептің жұмысы емес, отбасының балаға күнделікті көрсететін қолдауы да тікелей әсер етеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.