Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астаналықтарға түкіргені үшін 19 млн теңге айыппұл салынған

Астаналықтарға түкіргені үшін 19 млн теңге айыппұл салынған

Астанада қоғамдық орындарда түкірген адамдарға 19 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, түкіру фактісі Астанадағы базарлардың маңайында жиі кездеседі. Олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталыпты.

“Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді”, – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағанбетов.

Фото: emhana8.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары