Қоғам

Астаналық жас баспанаға «Елорда жастары» бағдарламасы арқылы қол жеткізді

Астаналық жас баспанаға «Елорда жастары» бағдарламасы арқылы қол жеткізді
hpminsurance.com

Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Осы бастаманың арқасында баспаналы болған астаналық тұрғын Ерке Байғабылова өз тәжірибесімен бөлісті.

Ерке бұған дейін жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысып, бес жыл бойы мемлекет ұсынған пәтерде тұрған. Оның айтуынша, осы кезеңде өз баспанасына қаржы жинап, жоспар құруға мүмкіндік туған.

— «Елорда жастары» туралы «Отбасы банкі» мамандарынан естіп білдім. Бағдарлама шарттары өте тиімді болып көрінді – небәрі 10% бастапқы жарна және 5% жылдық мөлшерлеме. Бұл мен үшін қолайлы мүмкіндік болды, — дейді ол.

Жалдау мерзімі аяқталған сәтте қажетті қаражатты жинап, бағдарламаға құжат тапсырған. Еркенің айтуынша, банк қызметкерлерінің қолдауы процесті жеңілдетіп, сенімділік берген.

Бүгінде ол отбасымен бірге жеке баспанасында тұрады және бұл бағдарлама жастарға үлкен мүмкіндіктер беретінін алға тартады.

«Елорда жастары» бағдарламасы 34 жасқа дейінгі жастарға 20 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынады. Несие мөлшерлемесі – жылдық 5%, бастапқы жарна – 10%. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан алуға болады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz