Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астаналық жанкүйерлер шетелдік әнші Akon-ға іш киім лақтырған(фото)

Астаналық жанкүйерлер шетелдік әнші Akon-ға іш киім лақтырған(фото)

Әлеуметтік желіде кеше елордада өткен «Akon» спектаклінің жанжалды видеолары тарап, оқиға көрермендер мен желі қолданшыларының ызасын тудырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.


Әншінің концерті 18 желтоқсанда Конгресс орталығында өтті. Акон өзінің Smack That хитін орындағанда, жанкүйерлері рэперге іш киім лақтыра бастады.
«@akon концертінде күннің ыстық болғаны сонша, қыздар киімдерін шешуді ұйғарды», - делінген желіде тараған видеоның астында.

Әлеуметтік желі қолданушылары «Сұмдық, не деген ұят», «Мынау не масқара», «Қыздар, ұялмайсыңдар ма» деген сынды пікір қалдыруда.

Айтпақшы, өнерпаз өнер көрсету барысында қазақстандық жанкүйерлерінің көңілінен шығуды жөн көріп, ұлттық киіммен сахнаға шықты.

Еске сала кетейік, жақында елорда әуежайында өнерпазды концертті ұйымдастырушылар мен ұлттық киім киген қыздар күтіп алды. Олар оған гүл шоқтары мен домбыра сыйлады.

Автор
Данияр