Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астаналық фельдшердің қазасы: Адвокат бұл жағдайға байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Астаналық фельдшердің қазасы: Адвокат бұл жағдайға байланысты маңызды мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Ұлдана Мырзуанның отбасының адвокаты Нұрсұлтан Орынаұлы тергеу аяқталған соң кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшін салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Сол тергеу аясында ол қылмыстық істі ҚР ҚК 278-бабы ("Сапасыз құрылыс") бойынша емес, 279-бапқа ("Архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтерді бұзу") қайта саралауды көздеп отыр.

"Тергеу жалғасып жатыр. Соңында кімнің жауапты екенін анықтаймыз: құрылыс компаниясы ма, әлде тұрғын үй басқармасы ма – бәрі тексеріледі. Үй 21 жыл бұрын пайдалануға берілген, кепілдік мерзімі біткен, бірақ мұндай ғимараттарда тұрақты тексерулер жүргізілуі керек. Қалған мәліметтерді әзірге жариялай алмаймыз", – деді Нұрсұлтан Орынаұлы.

Адвокат бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын да атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер