Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Күйеу балам қызымда жоқ несие үшін алдап ақша сұрады”: Ұлдана Мырзуанның анасы күтпеген мәлімдеме жасады

“Күйеу балам қызымда жоқ несие үшін алдап ақша сұрады”: Ұлдана Мырзуанның анасы күтпеген мәлімдеме жасады

Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы қызының атына рәсімделген несиеге қатысты бұған дейін айтылған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Марқұмның анасы журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қызының артында қарызы қалғаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Оның сөзінше, Ұлдананың бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел тарапынан несиелерді жабу туралы айтылған мәліметте түсініксіз тұстар бар.

Бұған дейін әкімшілік тарапынан төленген қаражат пен марқұмның зейнетақы жинақтарының қайда жұмсалғаны жөнінде сұрақ қойылғанда, Әділет Зейнел Ұлдананың несиелері болғанын және оларды жабуға ақша кеткенін айтқан.

Алайда Сәлима ханымның айтуынша, кейін бұл мәліметті тексеруге мүмкіндік туған. Оның сөзінше, Әділеттің анасы одан «бас тарту парағын» жазып беруді сұраған.

«Маған осы ақпанның ішінде “бас тарту парағын” жазып бересіз бе?” деп құдағи айтты. “Не үшін?” деген едім. “Аманатқа қиянат жоқ. Әділет барлық жауапкершілікті өз мойнына алады” деді. Бізге банктен хабарласып жатыр, несиесін төлеуіміз керек. “Бас тарту парағын жазып бересіз бе? Ұлдананың құжаттары сізде ме?” деп сұрады», – деді Ұлдананың анасы.

Сәлима ханымның айтуынша, сол кезде Әділет Зейнел Ұлдананың Kaspi банкте несиесі болғанын айтып, қарыз көлемін шамамен 3,5-4 миллион теңге деп көрсеткен.

Алайда марқұмның анасы заңгердің көмегімен банк менеджеріне жүгініп, қызының есепшоттары мен несиесіне қатысты ақпаратты тексергенін айтты.

«Менеджер қыз ашып көрсетті. “Бұл қызыңыздың атында ешқандай несие жоқ. 21 қарашада жабылып қалған. Шоты да жабық. Несиесі де жоқ. Қызыңыздың арты таза” деді», – деп еске алды ол.

Осылайша, Ұлдананың анасы қызының атына несие бар деген ақпаратқа күмән келтіріп отыр. Оның айтуынша, банк мәліметінде марқұмның несиесі 21 қарашада толық жабылғаны көрсетілген.

Сәлима ханым үшін қызының артында қандай да бір қарыздың қалған-қалмағаны ғана емес, оның атына қатысты қаржылық мәселелердің ашық әрі нақты түсіндірілгені маңызды екенін жеткізді.

Бұл мәліметтер марқұмның анасының сұхбатында айтылған нұсқа екенін атап өткен жөн. Қаржылық операциялардың нақты тарихы мен қаражаттың қайда жұмсалғанын тиісті құжаттар мен ресми деректер арқылы анықтау қажет.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.