Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанадағы бұрынғы Cinema City павильонынан өрт шықты

Астанадағы бұрынғы Cinema City павильонынан өрт шықты

Астаналық оқырмандар Амангелді Иманов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан, қазір жұмыс істемейтін Cinema City павильонынан шыққан өрттің кадрларын редакцияға жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттан қою түтін шығып, жалын тез тараған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты жедел ақпарат берді.

«Құтқарушылар өртпен күресіп жатыр. Қазір Байқоңыр ауданында орналасқан бір қабатты павильонды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Толық мәліметтер нақтылануда», – деп хабарлады ведомство.

Мәліметке сүйенсек, оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өртті сөндіруге құтқарушылар күшейтілген тәртіппен жұмылдырылған.

Қазір өрт сөндірілгені хабарланды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.