«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада жүрек талмасы ұстаған жүргізуші жаппай жол апатына себеп болды (ВИДЕО)

Астанада жүрек талмасы ұстаған жүргізуші жаппай жол апатына себеп болды (ВИДЕО)

Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер апаттан зардап шеккен тағы бір адамды тексерді


Астананың оң жағалауында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 9 жеңіл көлік пен бір жолаушылар автобусы бүлінді.

Ірі апат Кенесары көшесінде болды. 53 жастағы "Chevrolet" жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатқанда денсаулығы сыр беріп, салдарынан сегіз автокөлікке және № 9 бағдардағы автобусқа соқтысқан.


"Апат салдарынан жүргізушінің өзі зардап шекті. Сондай-ақ Mazda автокөлігінің жолаушысына медициналық көмек көрсетілді, дәрігерлер оған денесін ауыртып алған деген диагноз қойды, ол үйіне жіберілді"- деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елордалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы жүргізуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын атап өтті.


Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


https://sputniknews.kz
Автор
Бауыржан