"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ұлттық және діни араздықты қоздырған 11 адам сотталды

Астанада ұлттық және діни араздықты қоздырған 11 адам сотталды

2025 жылдың басынан бері елордада ұлттық және діни араздықты қоздыру фактілері бойынша 11 адамға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Мәселен, астаналық тұрғындардың бірі TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында әдепсіз сөздер қолданып, өзге ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын пікір білдірген. Бұл әрекеті арқылы ол ұлттық негізде жанжал туғызған.

Мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасында араздық туғызатын сөздер мен әрекеттерге жол бермеуге шақырады. Сондай-ақ, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін Қазақстан қылмыстық заңнамасында 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.