Астанада әлі құрылысы бітпеген үйде сүйіктісіне ұсыныс жасаған азамат жұрттың назарын аударды. Аталған баннердің суреті Instagram әлеуметтік желісіне тарап кеткен.
"Мадина, мен сені жақсы көремін. Маған тұрмысқа шығасың ба? Мен сенің табаныңа барлық әлемді тастаймын", - деп жазылған баннерде.
Алайда бұл сөздердің қай Мадинаға арналғаны белгісіз.
https://www.instagram.com/p/BpTlCo1FSHEБұл жазбаны көрген желі қолданушылары Мадина есімді қыздарға бақыт тілеген. Кейбірі тіпті, "бұл жазулар маған арналған" деп қалжыңға айналдырған.