Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада студент қыздарды шешіндіріп тастаған тәрбиеші жаға ұстатты

Астанада студент қыздарды шешіндіріп тастаған тәрбиеші жаға ұстатты

Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер тәжірибеден өтіп жүрген студент қыздарды іш киімдеріне дейін шешіндіріп тастаған. Бөбекжай қызметкерлері "бойжеткендер 10 мың теңге ұрлады" деп күдіктенген екен. 

Әйелдер жас қыздарды бірнеше сағат бойы бөлмеден шығармай ұстаған. Олар, тіпті, полиция қызметкерлерін де шақырмапты. Қазір студенттердің ата-анасы педагогтарды жазалауды сұрап отыр.

Ал балабақшада тәжірибеден өтіп жүрген үш студент өздерін шешіндірген тәрбиешіге өкпелі екендерін айтады.

"Біз сөмкелерімізді терезеге, жейдемізді терезе алдына қойдық. Ол біздің заттарымызды түгел тексеріп болғанша, біз іш киімімізге дейін шешіндік",- дейді Александра.

Студент қыздардан "ұрланған" ақшаны таппаған әйелдер оларды босатып жіберген. Ал мұны естіген ата-аналар олардың қалай тәрбиеші болып жүргенін түсіне алмай әлек.

Бұл іске қатысты балалабақша басшылығы өз жауабын берді. Олар тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын айтты.

Дереккөз: 31 арна

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары