ка

Астанада қар жауды - видео

19.04.2019 14:42
0
5

Көктем бел ортадан ауғанда, Нұр-Сұлтанда күн күрт суытып, қар жауды. Ауа райының тосын мінезі қала тұрғындарын әбігерге салып қойды.

Gismeteo.kz мәліметіне сенсек, сынап бағанасы қазір -2 градусты көрсетіп тұрғанмен, -8 градус болып сезілуде. Бұған қоса, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғып тұр.

Көшеде жеңіл, бас-киімсіз жүрген адамдар көп-ақ. Соған қарағанда, елордалықтар сәуірдің ортасында қар жауады деп күтпеген сыңайлы. Қайтып оралған "қысқа" қуанып, селфи жасап жүргендерді де кездестіруге болады. Ал қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды тазалап әлек.

Тағы оқыңыз: Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ кілт тоқтатылды - видео

Синоптиктердің болжамына сенсек, елордада күн келесі аптада бір-ақ жылынады. Ауа температурасы +7...+11 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

© Sputnik / Абзал Қалиев

Нұр-Сұлтанда сәуір айының ортасында қар түсті

Айта кетсек, аппақ қарға оранған Нұр-Сұлтан ғана емес. Екі-үш күн бұрын Петропавл, Көкшетау қалаларында да қар жауып, тұрғындарды әуреге салған еді. Ал кеше Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған болатын.

Тағы оқыңыз: Қандай жағдайда мектепте сабақ болмайды?

Бүгін Қарағандыда да ауа райы тосын мінез танытты. Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде көктемде жауған қардың суреттерін жарыса жариялап жатыр.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий