Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада полиция қызметкері жаттығу кезінде көз жұмды

Астанада полиция қызметкері жаттығу кезінде көз жұмды

Елордадағы «Алатау» спорт кешенінде 43 жастағы полиция қызметкері Қасымхан Мелдебеков миокард инфарктісінен көз жұмды. Шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мезгілсіз дүниеден өткен полицейдің отбасына көңіл айтты.


«Мезгілсіз дүниеден өткен Астана қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ (жедел қимылдайтын арнайы жасағы) аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес. Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді», - деп жазды Ержан Сәденов.

Автор
Данияр