«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада мереке күндері автобустар саны артады 

Астанада мереке күндері автобустар саны артады 
30 Желтоқсан 2018, 13:27 87 0

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің көп пайдаланылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны артады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады», - делінген Astana LRT компаниясының хабарламасында.

Осылайша, №№ 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан