“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада мектеп оқушысы есірткі таратумен айналысқан

Астанада мектеп оқушысы есірткі таратумен айналысқан
Фото: Mikko Robles/Speed Media/Icon Sportswire

Астанада полицейлер есірткіні сақтап, таратты деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысын ұстады. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздан есірткі салынған 70-тен астам жасырын орын анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин мәлімдеді. Оның айтуынша, жасөспірім биыл көктемде қолға түскен. Тергеу нұсқасы бойынша, ол тыйым салынған заттарды арнайы «жасырын орындарға» қалдыру арқылы таратумен айналысқан.

«Наурыз айында 15 жастағы қыз есірткіні сақтау және тарату күдігімен ұсталды. Сол кезде қар толық ерімеген еді. Күдіктіден 70-тен астам доза тәркіленді. Бұл – қоғам үшін де, құқық қорғау органдары үшін де өте өзекті мәселе», – деді Әбіл Әбілдин.

Полиция өкілінің сөзінше, ұсталған оқушы бұған дейін есірткінің зияны мен оны таратудың құқықтық салдары туралы ұйымдастырылған профилактикалық кездесулерге қатысқан. Соған қарамастан, ол заңсыз әрекетке барған.

Әбілдиннің пікірінше, жасөспірімнің мұндай қадамға баруына оның араласқан ортасы әсер етуі мүмкін.

«Ол есірткінің зияны туралы дәрістерді тыңдап, бейнероликтерді көрген. Соған қарамастан мұндай жолды таңдады. Бұл жерде ең үлкен ықпал еткен фактор – оның араласқан ортасы деп ойлаймын», – деді ол.

Сондай-ақ полиция мәліметінше, мектеп оқушысының ұсталғаны оның сыныптастары үшін күтпеген жағдай болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары күшейтілетінін мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.