Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Есірткі таратты деген күдікпен мектеп оқушы қамауға алынды

Есірткі таратты деген күдікпен мектеп оқушы қамауға алынды
Фото: strata.co.oil

Алматыда есірткіні жасырын орындар арқылы таратты деген күдікпен мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция қызметкерлері таксимен келе жатқан үш кәмелетке толмаған қызды тексеру барысында олардың бірінен өсімдік тектес зат салынған бірнеше ондаған түйіншек пен алдын ала мәлімет бойынша синтетикалық есірткіге ұқсас заттарды тәркілеген.

Тергеудің бастапқы деректеріне сәйкес, күдікке ілінген жасөспірім тыйым салынған заттарды қала аумағындағы арнайы жасырын орындарға қалдырып отырғанын мойындаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мектеп оқушысын заңсыз есірткі айналымына кімнің тартқанын анықтап жатыр. Сондай-ақ, оның жанында болған тағы екі кәмелетке толмаған қыздың бұл іске қандай да бір қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.