Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы жағдай: әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Каспийдегі қайғылы жағдай: әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеушілер оқиғаның себептері мен оған әкелген жағдайларды жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде төтенше жағдай болғанын хабарлаған. Ведомствоның алдын ала мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз ағыны алып кеткен.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, олардың тоғызы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары, Әскери-теңіз күштерінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге тергеу аясында анықталып жатыр. Сондықтан әлеуметтік желілерде тараған оқу-жаттығудың ұйымдастырылуына немесе қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты түрлі болжамдарды тергеу қорытындысы шыққанға дейін нақты факт ретінде бағалауға болмайды.

Оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігінің комиссиясы да шұғыл түрде құрылып, оны министр Дәурен Қосанов басқарып отыр. Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – болған жағдайдың мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру.

Айта кетейік, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу 22 қыркүйекте басталған болатын. Оған Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері мен басқа да бөлімшелері қатысқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.