Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар 27 жастағы ер адам анықталып, ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көшеде қыздың соңынан еріп, ғимараттың кіреберісінде оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.