Financial Times: Теңге - Еуропа мен Азиядағы ең тегеурінді валюта
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алаяқтар 150 мың астаналықтың жеке дерегін ұрламақ болған: төрт адам қамауға алынды

Алаяқтар 150 мың астаналықтың жеке дерегін ұрламақ болған: төрт адам қамауға алынды
Фото: pixabay

Астанада елорда прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың дербес деректері мен ақшалай қаражатын иемденуге бағытталған фишингтік хабарламаларды жаппай таратқан адамдар тобының заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, биыл қаңтар айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстан аумағында заңсыз қызмет ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға тартқан. Қылмыстық схемаға арнайы жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен өзге де адамдар қосылған.

Күдіктілер ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялайтын «SMS-бластер» құрылғысын пайдаланған. Бұл құрал байланыс операторларының сүзгілеу жүйелерін айналып өтіп, көп мөлшерде SMS-хабарлама жіберуге мүмкіндік берген.

Төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныс жасалған шамамен 150 мың фишингтік SMS-хабарлама таратылған.

Хабарламадағы сілтемеге өткен пайдаланушылар жалған сайтқа бағытталған. Онда олардан дербес және банктік мәліметтерін, соның ішінде төлем картасының деректемелерін, CVV кодын және SMS арқылы жіберілген растау кодын енгізу талап етілген.

Осылайша қаскөйлер азаматтардың құпия ақпаратына және банктік қаражатына қол жеткізген.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері SMS-бластерді тәркіледі. Сараптама нәтижесінде құрылғының жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталған.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 399-бабының 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Аталған бап ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалануға қатысты.

"Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі