KZNews.kz
Қоғам

Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды

KZNEWS

Астанада күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген айыппен ұсталды. Бала қылқынудан жан тапсырған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


38 жастағы бала күтушінің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған.

"Дереккөздің мәліметінше, бала күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында", - делінген Egov.pressTelegram-арнасындағы жазбада.

Полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары