Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада көпбалалы аналар шенеуніктен ана тілінде сөйлеуін талап етті (видео)

Астанада көпбалалы аналар шенеуніктен ана тілінде сөйлеуін талап етті (видео)

Астанада көпбалалы аналар "Астана" концерт залының фойесінде өтуге тиіс "Ашық есік аптасы" кезінде шенеуніктердің сөз сөйлеуіне мүмкіндік бермей, шу шығарды. 

Астана концерттік залының фойесінде өтуге тиіс "Ашық есік аптасы" кезінде әкім орынбасары Нұрлан Нүркенов сөзін орыс тілінде бастады. Бірақ көпбалалы аналар оның мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етті.

Наразылығын білдірген бір ананың жағдайы нашарлап, оны далаға шығаруға тура келді.

Концерт залының қызметкерлері халықты тыныштық сақтауға шақырды, бірақ еш нәтиже шықпады. Қызметкерлер микрофондар өшіріп тастауға мәжбүр болды.

Адамдарға ине шаншар жоқ фойеден залға өтуге ұсыныс жасалды. Алайда бөлменің іші айғай-шу, көпбалалы аналар талаптарын айтып жатыр.

Бүгін Астана орталығында ондаған көпбалалы аналар жиналды. Бес баланың өмірін жалмаған жантүршігер оқиғадан кейін көпбалалы аналар Астана орталығына жиналған болатын. Әкімшілік өкілдері олардың талаптарын тыңдауға шықты.

Олар жәрдемақы көлемін өсіріп, пәтерді кезексіз беруді талап етті.

Аналардың мұндай қадамға баруына төртінші ақпан күні бір отбасының бес қызының өрттен қаза болуы себеп болған.

Автор
Арман