Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ер адам ойнап жүрген кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан

Алматыда ер адам ойнап жүрген кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан
Фото: видеодан скриншот

Алматының Алатау ауданында ер адамның балалар алаңында ойнап жүрген баланы бар күшімен теуіп жіберген, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ер адамның бұл әрекеті ауладағы бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Каспий” тұрғын үй кешенінің алдында балалар өзара келіспей қалған. Мұны көрген ер адам шамамен 6-7 жасар баланы аямай теуіп жіберді. Бар күшін салғаны соншалық өзі де шалынып құлап қалды. Одан қалды, әйелі баланың құлағынан тартып, сөгіп, оның әжесімен жанжалдасқан.

“Анасының айтуынша, кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Тұра алмай, жатып қалған”, – деп жазды Тhreads желісінің құлданушысы.

Сондай-ақ учаскелік полиция кінәлі отбасы баланың емінің ақшасын төлесе, келісуге болатынын айтқан.

Баланың ата-анасы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жазасын алуын талап етіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.