Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада ер адам несие алған қызды тонап кетті - Қылмыс

Астанада ер адам несие алған қызды тонап кетті - Қылмыс

Астанада полицейлер банктен несие алған қызды тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті елордадағы банктердің бірінен несие алып жатқан адамдардың арасынан өзіне бір құрбандықты таңдаған. Әйелдің соңына түсіп, ол аулада ақша салынан сөмкені алып кетіп, ізін суытқан. 

"Куәгер қаскөйді анықтауға және тануға көмектесті. Соның нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 29 жастағы ер адам кінәсін мойындады", - деді полиция өкілдері. 

Сотқа дейін тергеу шаралары жүріп жатыр. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендер болса Астана полиция департаментіне хабарласуды сұрайды: 71-61-51; 8-702-740-90-00 немесе 102.

Полиция өкілдері, қарақшылық шабуылдың құрбаны болған жағдайда қарсылық көрсетпеуге шақырады, қылмыскердің түр әлпетін жақсылап жаттап алып, полицияға хабарласуға кеңес беріледі. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Мадияр